Жаңалықтар

Ақтаудан 257 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Ашық дереккөз

Сейсмикалық белсенділік 65 шақырым тереңдікте тіркелген

Ақтаудан 257 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп жазады turkystan.kz.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, сейсмикалық белсенділік 65 шақырым тереңдікте тіркелген. 

Жер сілкінісі 23 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 19:58-де 65 шақырым тереңдікте болды. Магнитудасы — 3,0. Гипоцентр координаталары 41°58'48" с.е. және 49°1'12" ш.б.

Сейсмикалық белсенділік Ақтаудан шамамен 257 шақырым жерде тіркелді.