Қоғам

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезінді

Ашық дереккөз

Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ

Алматыда таңғы 04 сағат 58 минут 53 секундта  жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 ақпанда 04 сағ.58 мин.53 сек. жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км жерде орналасқан

Қытай аумағында — афтершок. Алматы қаласының тұрғындарына 3 балдық жер дүмпуі сезілді. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.