Жаңалықтар

Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

pixabay

Қаулы 11 наурызға дейін қоғам талқылауында болады.

Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін.

"Жол ақысын интернет желісі,  ұялы байланыс құрылғылары немесе электрон жол жүру қартасы арқылы төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге; жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 200 (екі жүз) теңге болып бекітілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта. 

Қаулы 11 наурызға дейін қоғам талқылауында болады.