Жаңалықтар

Аязға байланысты 7 өңірде 20 автожол жабылды

ҚазАвтоЖол

Бұл туралы ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметі мәлім етті.

23 ақпан түнгі 01:00 кезінде ауа райының нашарлауына байланысты 7 облыстағы республикалық маңызы бар 20 жолда қозғалысқа шектеу енгізілді. 

Абай облысында — үш учаске, жалпы ұзындығы — 153 км. 

Ақмола облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 28 км.

Ақтөбе облысында жалпы ұзындығы 145 км болатын бір автожол.

Шығыс Қазақстан облысында — барлығы 7 учаске, ұзындығы — 1238 км.

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 1141 шақырым болатын 5 автожол. 

Солтүстік Қазақстан облысында — екі жол, жалпы ұзындығы — 59 км. 

Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 115 шақырым бір автожол.   Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 316 техника мен 382 адам жұмыс істеп жүр.