Жаңалықтар

Мақпал Исабекова тыңдарман жанкүйерлерін қуантты

Макпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

Өнер иесі «Оралшы» атты жаңа әнін жарыққа шығарды.

Танымал әнші Мақпал Исабекова 40 жасқа толды. Ол өз туған күнінде жанкүйерлеріне қуанышты жаңалықты хабарлады.

Өнер иесі барша тыңдармандарына «Оралшы» атты жаңа әнін жарыққа шығарғанын мәлім етті.

«Бүгін менің туған күнім! Бұл күні мен жаңа әнді жарыққа шығарамын деп уәде еткен едім. Бұл сәтті бес жыл бойы күттім. Уайымдап тұрмын. Сіздерден қолдау күтемін», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.