Жаңалықтар

Семей орманында соңғы 20 жылдағы ең төмен температура тіркелді

pixabay

мұндай төменгі температура орман аумағында Бұрын соңды тіркелмеген. Тек 2018 жылы 26 қаңтарда минус 50-ге дейін төмендегені туралы жазбалар бар.

 "Семей орманы" мемлекеттік резерватында соңғы 20 жылдағы ең төмен температура тіркелді.

Ақпанның 20-нан 21-не қараған түні Батпаев орман шаруашылығында термометр бағаны -55℃ дейін түскен.

Резерваттың ғылыми қызметкері Айнұр Баймадиеваның хабарлауынша, мұндай төменгі температура орман аумағында бұрын соңды тіркелмеген. Тек 2018 жылы 26 қаңтарда минус 50-ге дейін төмендегені туралы жазбалар бар.

Тау-Дала филиалындағы Үлкен Бөкен орманшылығында термометр бағаны минус 53 градусқа дейін түскен.

Резерваттың аумағындағы ең төменгі температура орташа алғанда 31 градустан 50 градусқа дейінгі аралықта болған.