Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королін құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

 Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы Корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт, ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына бақ-береке тіледі.