«Алакөлжылудың» бұрынғы басшысы 7 жылға сотталды

22 ақпан, 2024 / Анель Жарылғасын
Қылмыс. Фото: Polisia.kz
Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді.

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ол көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған.

Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Бюджет «Алакөлжылу» экс-басшы