Жаңалықтар

Елордада Тұран даңғылы уақытша жабылады

Полиция департаменті жүргізушілерге маршрутты алдын ала жоспарлау қажет екенін ескертеді.

Тұран даңғылындағы Орынбор мен Бағланова көшелерінің аралығында инженерлік желілерді төсеу жұмысы жүргізіледі. Осыған байланысты 21 ақпан мен 9 наурыз аралығында көлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, іргелес учаскелерде тиісті жол белгілері орнатылып, бағдаршамдардың жұмыс режимдеріне түзетулер енгізілді. Қосымша ақпараттық белгілер орнатылды.

Баламалы бағыттар Айтматов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы болып саналады.

Жол қауіпсіздігі мақсатында полиция департаменті жүргізушілерге өте мұқият болып, маршрутты алдын ала жоспарлау қажет екенін ескертеді.

Жаяу жүргіншілер де сақ болуы керек.