Жаңалықтар

Актер Олжас Абай басынан үлкен сынақтар өткенін айтты

Олжас Абай. Фото: instagram/ochooou_official

Өнер иесі ауыр сынақтан мамандығы алып шыққанын атап өтті.

Танымал актер Олжас Абай Revue News арнасына берген сұхбатында өмірінде кездескен сынақтар туралы айтты.

Өнер иесі ауыр сынақтан мамандығы алып шыққанын жеткізді.

Қазір жаман қылықтарға әуестігім жоқ. Басымнан үлкен сынақтар өткен еді. Сол сынақтан мені мамандығым алып шықты. Сүйіп істейтін актерлықтағы арманымды орындау мақсатында біраз жоғалған жылдарымды қайтарғым келеді. Сол жағынан мамандығым үлкен себеп болды, - деді ол.

Актердің айтуынша, өзінің жаңа туындысының сценарийі өнер иесінің өміріне ұқсастығы бар.

Қазір түсіріп жатқан туындымыздың алғашқы түсірілімінде ойнай алмай қойдым. Сөйтіп, режиссерге айтып, кейінге шегердім. Осы уақытқа дейін киноларда тек актер ретінде жауапкершілік алдым. Ал мұнда басқа жауапкершілік болғандықтан бірден басталып кетті де, өзім түсінбей қалдым. Сценарий да өз өміріме ұқсас әрі басымнан өткендіктен көзіме жас алған сәттер болды, - деді ол.