Жаңалықтар

Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісті

Динара Сәтжан. Фото: instagram/dinarasatzhan

Ол арқа сүйер азаматын кездестіргені жайлы айтты.

Танымал тележүргізуші, продюсер Динара Сәтжан жеке өмірі жайлы сыр шертті, деп хабарлады  turkystan.kz ALIBEKOVKZ арнасына сілтеме жасап

 Тележүргізуші саусағына сақина тағылғанда ғана ғашығын көпшілікке көрсетпек.

«Екінші жартымды тапқан сияқтымын. Жақын арада үйленуге ұсыныс жасайды деп ойлаймын. Оны алдағы уақытта көре жатарсыздар. Біз үйлену тойды дүркіретіп өткізбейміз. Өйткені бақыт пен махаббат тек тыныштықты жақсы көреді. Маған үнемі ер адамның үлкен болғаны ұнайтын, арамыз кем дегенде 5 жас болуы керек. Саусағыма жүзік тағылғанда ер азаматымды көрсетемін», – деп ағынан жарылды продюсер.