Жаңалықтар

Наурызда өтетін ҰБТ-ға өтініш қашан қабылданады?

Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 27 ақпанда басталып, 10 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлады turkystan.kz.

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO  қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1-31 наурыз аралығында өтеді.
 

 
Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
 

 
Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.
 
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
 
Естеріңізге сала кетсек, 10 ақпанда қаңтар ҰБТ-сы аяқталды, ол тестілеуге 134 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде талапкерлердің 76,4% – ы қазақ тілінде, 23,5% - ы орыс тілінде, 83 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ басталғалы шекті балды 77,5% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 69 балды құрады. Ең жоғары балл – 137. Жалпы, 72 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.