Жаңалықтар

14 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды

polisia.kz

Қазір ұсталған азамат өз еліне депорттацияланды.

38 жастағы ер адамды Тұран ауданының көші-қон қызметкерлері рейдтік шара жүргізу барысында анықтады.  

Шымкент Полиция департаментінің мәліметінше, ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған шетелдік ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келген.

Оған қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2010 жылы ташкенттік құқық қорғаушылармен қылмыстық іс қозғалған.

ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адамға ӘҚБтК-тің 517-бабына сәйкес шара қабылданды.

Қазір ұсталған азамат өз еліне депорттацияланды.