Жаңалықтар

Алматының бірнеше шағын ауданы газсыз қалды

pixabay

Төтенше жағдай 20 ақпан кешкі сағат 21:50 шамасында болды.

Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында болған апат салдарынан Алматының бірнеше шағын ауданы газсыз қалды.

Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаеваның айтуынша, Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында орташа қысымды магистральды газ құбырына ауыр жүк көлігі соғылған.

Төтенше жағдай 20 ақпан кешкі сағат 21:50 шамасында болды.

«Салдарынан Наурызбай ауданының бірнеше шағын ауданы газсыз қалды. Апат болған жерге шұғыл қызметтік топ жетті. Қазіргі уақытта апатты қалпына келтіру жұмыстарына қаланың барлық коммуналдық кәсіпорындары мен құтқару қызметі жұмылдырылды», - делінген хабарламада. 

Алматы әкімдігінен атап өткендей, бүгін, таңғы сағат 08:06-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталды. Газ беру кезең-кезеңімен қалпына келтірілетін болады.