Жаңалықтар

"Бар қаражатын үйге салып, алданып қалғандар көп" – депуаттар үлескерлердің мәселесін көтерді

Астана аумағында 243 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтап, оған 40 мыңнан астам үлескер тартылған екен. Осы объектілердің әрқайсысының құрылысын аяқтау мемлекеттің тікелей қатысуын талап етеді.

«AMANAT» фракциясының депутаттары Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, үлескерлердің құқығын қорғау мәселесін көтерді.

Қолдағы мәліметке сүйенсек, кейінгі 2 жылда үлестік құрылыс саласындағы қылмыстық істер бойынша 16 адам сотталып, 300-ден астам компания әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жуырдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы үлескерлік құрылыс проблемасына тағы тоқталып өткен болатын.

Астана аумағында 243 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтап, оған 40 мыңнан астам үлескер тартылған екен. Осы объектілердің әрқайсысының құрылысын аяқтау мемлекеттің тікелей қатысуын талап етеді. Құрылыс компаниялардың саны азайғанымен, негізгі проблема өзгерссіз тұр.

Осылайша, еліміздегі құрылыс саласында біраз мәселелер туындап отыр.