21 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сәрсенбі, 21 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қатты аяз, бұрқасын болып, тұман түседі
Синоптиктердің болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.
Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен қар сақталады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел соғады. Тұман түседі, - делінген хабарламада.
Қарағанды облысында қатты аяз -35°С, Қарағанды облысының шығысында өте қатты аяз -40°С болады;
Жетісу облысында -30-35°С, Абай ауданында -40°С, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45°С өте қатты аяз сақталады.