Қоғам

Жүк көлігінің астына итеріп жіберген: Алматы облысының тұрғыны сотталды

Үкім заңды күшіне енбеді.

Алматы облысында күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) фактісі бойынша сотқа берілген К. қатысты үкім шығарды.

Сотталушының кінәсі толығымен дәлелденген және қылмыстық іс материалдарымен расталған, атап айтқанда, сотталушының айғақтарымен, күәлардың жауаптарымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдермен дәлелденді.

Үкім заңды күшіне енбеді.