Қоғам

Ақмола облысында 27 млн теңгеден астам бюджет қаражаты заңсыз бөлінген

halyq-uni.kz

Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақмола прокурорлары 27 млн теңгеден астам бюджет қаражатының заңсыз бөлінгенін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Есіл ауданының прокуратурасы мектепті күрделі жөндеуді тексеру барысында орындалған жұмыстар актілеріне заңсыз қол қоюды және орындалмаған елеулі жұмыс көлемі үшін бюджет қаражатынан жалпы сомасы 27 млн теңгеден астам ақы төлеуді анықтады.

«Мердігер жасасқан келісім-шарттың талаптарын орындамаған, терезе орнату, мектеп шатырын жабу және т.б айтарлықтай жұмыс көлемі орындалмай қалған, соның салдарынан мектептің күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмады», – делінген хабарламада.

Прокурорлық ден қою шараларымен мердігер ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамағаны үшін 1 380 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиясынан айыра отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі).

Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде объектіде жұмыстар белсенді басталып,  жүргізілуде.