Қоғам

45 градусқа дейін аяз болады: ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады

Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу облыстарында қатты аяз күтіледі.

Алдағы күндері төрт облыста 45 градус аяз болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу облыстарында қатты аяз күтіледі. Ауа температурасы -45 градусқа дейін жетуі мүмкін. Түркістан облысында жаңбыр жауады.

Ұлытау мен Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с дейін жетеді. Салдарынан автожолдарда көрініс шектелуі болжануда. Осыған орай ҚазАвтоЖол жүргізушілерге сақ болуды ескертеді.