Қазақстандық каратэші Кипрде қола жүлде жеңіп алды
Жарысқа жалпы 83 елден 1000 қатысушысы өзара мықтыны анықтады.
Кипр елінің Ларнака қаласында WKF каратэден Karate1 Series A халықаралық турнирі аяқталды.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта кумитеден сынға түскен Нұрбек Кенжебай қола медаль жеңіп алды. Бұл салмақта Түркия өкілі Мерт Халичи жеңімпаз атанса, күміс колумбиялық Фореро Хуан Давидке бұйырды. Тағы бір қоланы иорданиялық Омар Шакрах қанжығасына байлады.
Жарысқа жалпы 83 елден 1000 қатысушысы өзара мықтыны анықтады. Бұл додада ел намысын 15 спортшы қорғады.