Өзбекстандағы қазақ спортшысы елге оралды
Спортшы Қазақстанға қоныс аударды.
Бокстан 2023 жылғы Өзбекстан Республикасының чемпионатында қола жүлде еншілеген Аман Қонысбеков Қазақстанға қоныс аударды, деп хабарлады turkystan.kz BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.
71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қандасымыз Астана қаласына көшіп келді. Ол қазіргі кезде елордада ағасымен бірге тұрып жатыр. Ал бокстан жарыстарға Түркістан облысының атынан қатыспақ.
Аман отандық былғары қолғап шеберлерімен бүгін Алматыдағы оқу-жаттығу жиындарында жүр.
Айта кетейік, Қонысбеков былтыр Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен кездескен. Сол кезде үш раунд қорытындысы бойынша Муйдинхужаев төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.