Қоғам

Атажұртқа алғашқы сапар жүлделі болды

Елордада «Қазақстан гүлдері - 2024» атты халықаралық би байқауы өтті.

Елорда төрінде ҚР Би спорты федерациясының ұйымдастыруымен «Қазақстан гүлдері - 2024» атты халықаралық би байқауы өтті.

Таланттылардың басын қосқан тартысты додаға Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан 40-қа жуық этникалық қазақ балалары қатысты.

«Кіл жүйрікте кім жүйрік?» демекші, байқауға қатысқан 800 қатысушы арасынан топ жарған этникалық қазақ балалары қанжығаларына төрт бірдей «Бас жүлдені» байлады. Үздік өнер көрсетіп, қазылар алқасының көңілінен шыққан төрт топқа алғыс хаттар мен естелік медальдар табысталды.

Байқауға 2 кіші, 2 үлкен топ қатысты:

1.«Бала-ойыны» 10-12 жас

«Нұр-Сая» халық би тобы

Жетекшісі: Минап Кенжегүл

2.«Қымызшы кыз» 6-9 жас

«Мұрагер» халық би тобы

 Жетекшісі: Плей Нуртуган

3.Моңғол ардын бүжиг (халық биі)

«Дээд – Монгол» 13-15 жас

жетекшісі: Юрай Айнур

4.Моңғол ардын бүжиг (халық биі)

«Құралай» халық би тобы 13 – 15 жас

Жеткшісі: Юрай Айнур.