Қоғам

Атырауда балабақшада ішімдік ішкен әйелдердің видеосы тарады

almaty.tv

Оқиға 14 ақпан күні «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасында болған.

Атырауда балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады. Бұл туралы turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 14 ақпан күні №2 «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасында болған. Желі қолданушыларымен бірге ата-аналардың ашуын туғызған видеода әйелдердің бір-бірімен рюмка түйістіріп, арақ ішіп отырғандары анық көрінеді.

Атырау қаласы маңындағы Көкарна ауылындағы балабақшада орын алған жағдайға байланысты қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр.

«Видеодағы әйел адамдар балабақшаның ас үйіндегі техникалық қызметкерлері болып табылады. Болған жағдайға байланысты тиісті түсініктемелері алынуда. Теріс әрекет көрсеткен әйел адамдар педагогтар емес», - деп түсінік берді «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасының әкімшілігі.

Балалар жүрген жерде арақ ішу оқиғасы балабақша басшылығы жұмыстан кеткен уақытта болған.