Жаңалықтар

Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

astanatv.kz

Автожоолдарды күтіп-ұстауға 685 бірлік техника және 1522 адам жұмылдырылды.

2 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«19 ақпан сағат 14.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 км.

«Алматы-Ташкент-Термез» - Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км.

«Үшарал-Достық» - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожоолдарды қысқы күтіп-ұстауға 685 бірлік техника және 1522 адам жұмылдырылды.