Қоғам

Атырауда белгісіз біреу терракт жасайтынын айтып, ақпарат таратты

Бұл ақпарат Атырау облыстық полиция департаментіне жолданды.

Әлеуметтік желілерде Атырау қаласындағы мектептерде белгісіз біреулер қылмыс жасамақ ниетте дайындалып жатыр деген ақпарат таралуда, деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде қаладағы бірқатар мектептерге шабуыл жасаймыз деп қорқытқан жалған жазбалар тарап жатыр.

Бұл ақпарат Атырау облыстық полиция департаментіне жолданды. Баспасөз қызметі фейк хабарламаға қатысты түсініктеме берді. 

Айта кетейік, жыл басынан бері осындай жалған хабарламалар еліміздің бірнеше қаласында таратылған. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең тудыруды көздейді.