Жаңалықтар

Елордада екінші ауысымдағы бастауыш сыныптары қашықтан оқиды

pixabay

Сондай-ақ Семей қаласында да 2-ші ауысымда оқитын оқушылар және колледж студенттері онлайн оқиды.

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.

2024 жылғы 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.

 Семей қаласында да 2024 жылғы 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 2-ші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері (9-сыныптан кейін тускен) үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.