Спорт

Қазақстандық шорттрекші қыздар әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Ел намысын Алина Әжіғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан және Гүлдана ⁠Жалмұхан қорғады.

Нидерланд корольдігінің Херенвен қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем кубогының 3-кезеңі мәресіне жетті.

Спорттық дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздар арасындағы 3 мың метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Ел намысын Алина Әжіғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан және Гүлдана ⁠Жалмұхан қорғады. 

А тобы, финал:

Оңтүстік Корея – 4:17.683 секунд, Қазақстан – 4:19.480, Нидерланд – 4:33.236. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының нақтылауынша, Алина Әжіғалиева мен Гүлдана Жалмұхан – батысқазақстандық шорттрекшілер.