9 өңірде мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқиды

19 ақпан, 2024 / Анель Жарылғасын
iStock/TShum
Бұл туралы жергілікті Білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

19 ақпан ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 9 облысында оқушылардың сабағы қашықтан оқыту форматына көшірілді. 

Білім беру басқармасының мәліметінше, Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Семей, Петропавлдың мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды. 

Сондай-ақ Қызылорда мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болады.  

Тэгтер:

ауа райы қашықтан оқу сынып мектеп оқушылары 19 ақпан