Қазақстандық спортшы Канадада рекорд орнатты
Канаданың Калгари қаласындағы жарыс 18 ақпанда аяқталады
Қазақстандық Алина Дауранова конькимен сырғанаудан әлем чемпионатында 1000 метрге жүгіру кезінде жеке рекорд орнатты, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол бұл қашықтықты 1 минут 15,24 секундта бағындырып, 13-орынға жайғасты. Сонымен қатар спортшы жерлестері арасында үздік атанды.
Жарысты Екатерина Айдова 14-ші (1:15.29), Инесса Шумекова 24-ші (1:18.57) орынмен аяқтады.