Көкшетауда пеш қазандығы жарылып, бір бала зардап шекті
Жарылыс себебі анықталып жатыр
Көкшетау қаласында жер үйде пеш қазандығы жарылып, бір бала ауруханаға түсті, деп хабарлады turkystan.kz ТЖ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 16 ақпан сағат 23.20-да болды.
Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйде айналым сорғысының ақауы салдарынан қатты отынмен жанатын пештің қазандығы жарылды. Әрі қарай өртке ұласқан жоқ, конструкциясы бұзылған жоқ, - делінген хабарламада.
Ведомство төтенше жағдайға өрт сөндіру қызметі шақырылмағанын атап өтті. Жарылыс себебі анықталып жатыр.