Спорт

Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Ашық дереккөз

Попко қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен ойсырата ұтты

Қазақстандық, әлемнің 338-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тағы Палм-Коуст ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 440-орында тұрған румыниялық Габи Адриан Бойтанмен жолығып, 6:2, 6:0 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. 

Дмитрий Попко финалда әлемнің 601-ракеткасы, америкалық Алекс Рыбаков немесе рейтингіде 650-сатыдағы эквадорлық Андрес Андраденің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.