Қоғам

Астанада 40 тонналық екі контейнер жанып кетті

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Астанада контейнерден өрт шықты, деп жазады turkystan.kz.

Бүгін таңғы 04:59 шамасында Астана қаласының Байқоңыр ауданында қоймада 40 тонналық екі контейнерде өрт тұтанған. Қызыл жалын 100 шаршы метрді шарпыды. 

Таңғы 07:06 кезінде өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

ТЖД жеке құрамнан 9 адам және 2 техника жұмылдырылған.