Тұман, көктайғақ: 17 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 17 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп жазады turkystan.kz.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын соғып, қар жауады.
Сонай-ақ түнде Алматы, Маңғыстау облыстарында қалың қар жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.