Жаңалықтар

Алексей Навальный қайтыс болды

instagram.com

Алексей Навальный жұма күні колонияда қайтыс болды.

Ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный бүгін көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

РИА Новости сайтының мәліметінше,  Алексей Навальный жұма күні колонияда қайтыс болды.

«16 ақпанда №3 түзеу колониясында сотталған Навальный А.А. серуендеуден кейін өзін нашар сезініп,  есінен танып қалды. Мекеменің медицина қызметкерлері дереу жетіп, жедел жәрдем шақырылды. Реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ оң нәтиже болмады. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын тіркеді. Өлімнің себептері анықталуда», - делінген хабарламада.