Жаңалықтар

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?

ашық дереккөз

Ел аумағында арктикалық суық күндер әлі де тұрақтайды.

«Қазгидромет» РМК 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктер болжамынша, ел аумағында арктикалық суық күндер әлі де тұрақтайды.

«Аяз сақталады. Тек 17 ақпанда еліміздің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар өтіп, қар жауады. Таулы аймақтарда қалың қар жауады, тұман түседі, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады деп күтілуде», – делінген хабарламада.а

Республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде температуралық фон түнде 30-38, күндіз 20-28 аяз күтіледі.

Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 15-25-ке дейін, тауларда 30-35, күндіз 10-25 аяз болады, - делінген хабарламада.