Қоғам

Қар құрсауында қалған 32 адам тікұшақпен эвакуацияланды

Абай облысы ТЖД

Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

ШҚО әкімдігінің МИ-8 әуе бөлімшесінің тікұшағымен қар құрсауынан тағы 32 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды, деп хабарлады turkystan.kz. Қорғанысминінің МИ-17 тікұшағымен 12 адам эвакуацияланды.  

«Жолаушылар автобусынан Вахта автокөлігіне дейін өтімділігі жоғары техниканың көмегімен 30 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Сонымен қатар зардап шеккен 4 адам туралы ақпарат бар. Үсік дәрежесі белгіленуде», – делінген хабарламада.

Эвакуацияланғандар Қалбатау ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.