Сотталған трансгендер жазасын қайда өтейді?
Сотталған трансгендер жазасын қайда өтейді?
Сотталған алматылық трансгендер-қыз сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның адвокаты Инара Масановаға сілтеме жасап.
"Виктория сот үкімімен келіспейді, арызданатын боламыз. Бұл бап бойынша (ҚР ҚК-нің 194-бабы, 4-бөлігі) бойынша 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Судья осы бапта көрсетілген ең төменгі жазаны шығарды. Біз ондай үкім шығады деп ойламадық, біз оның ақталатынына үміттенгенбіз. Себебі, сотқа дейінгі тергеу шаралараы барысында көптеген процессуалдық ереже бұзушылықтар болды", - деді Масанова. Адвокаттың айтуынша, трансгендер құжат бойынша әйел адам, сол себепті Беркходжаеваның жазасы қай жерде өтелетіні айдан анық екенін айтты.
"Сот барысында тегі мен атын өзгертуге құжаттары тапсырылған. Бізге көші-қон полициясындағылар жұмада әйел адамның есіміне өзгертілген құжаттарды алатынын айтты. Яғни ол енді ресми түрде Виктория Беркходжаева болады. Ол фамилиясы өзгергені туралы куәлік қағазын алып қойды, қазір жеке куәлігін күтіп отырмыз. Бұл дегеніміз, яғни оның құжаттары әйел адамдікі болса - ол жазасын әйелдерге арналған колонияда өтейтін болады", - деді адвокат.
Еске салайық, бүгін 6 наурызда 27 жастағы Алматылық трансгендер-қызға бопсалау ісі бойынша сот үкімі шықты. Виктория Беркходжаеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы кесілді.
"Сот Беркходжаева Виктория Валижанованы ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша қарастырылған қылмысқа кәнілі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы кесілді. Ол жазасын жалпыға бірдей режимдегі колонияда өтейді", - деп оқыды үкімді судья Қасым Қалмағамбетов. Сотталушы Каримжан Беркходжаев аса ірі көлемде ақша бопсалаған. Іс бойынша айыпталушы және жәбірленуші ретінде жынысын ауыстырған екі ер адамның ісі қаралған. Алайда құжаттарға сай, жәбірленуші - әйел адам. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы жынысын ауыстыру үшін тағы бір ота жасау тиіс болатын, сол себепті ол өз құрбысынан 33 мың доллар беруін талап еткен. Сотталушы құрбысына зәбір көрсеткен. Ондай көлемдегі ақшаны таба алмаған құрбысы құқық қорғау органдарына барып, арыз берген. Тамызда Виктория қамауға алынған. Алайда ол өз кінәсін мойындамайды.
"Мен өзімді кінәлі деп санамаймын. Ол мені қызғанатын. Жанжал екеуіміздің ортақ сүйген бір жігітіміз үшін шықты", - деді Беркходжаева. Сот процесі жабық түрде өтті. Осыған дейін Алматыда сотталушы трансгендер полицейлердің өзін қинағанын айтты. Каримжан Беркходжаев қылмыстық іс бойынша тергеу барысында өзіне заңсыз әрекеттердің қолданғанын айтты. Сот сотталушының шағымын тексеруді бұйырды.