Қоғам

Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзған 42 шетел азаматы елден шығарылды

polisia.kz

Қазақстан аумағында 183 күннен артық болмаған шетелдіктерге тексеру жүргізілді.

Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзған 42 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша не тұрақты болатын шетелдіктерді бақылау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Қолданыстағы көші-қон заңнамасы талаптарының бірі Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктерді бақылау.

Қазақстан аумағында 183 күннен артық болмаған шетелдіктерге тексеру жүргізілді.

«Нәтижесінде 52 шетелдіктің бұзушылық деректері анықталды, олардың ҚР-да тұрақты тұруға берілген рұқсат қағаздарының күші жойылды. Енді бұл шетелдік азаматтар тегін медициналық көмек, зейнетақы төлемдері және т.б. алу мүмкіндігінен айырылды», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Жалпы, осы жылдың басынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен республика аумағынан 42 шетел азаматы шығарылды. Көші-қонды бақылауды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады.