Жаңалықтар

Балалардың аяқ-қолын байлап, соққыға жыққан күдікті ұсталды (ВИДЕО)

видеодан алынған кадр

Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлім етті.

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында полицейлер балаларға шабуыл жасап, соққыға жыққан адам күдіктіні ұстады. 

Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлады.

Жамбыл ауданында жас балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды, - деді департамент басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында белгісіз ер адам төрт баланы ұрып-соғып, азаптап, оларға пышақ салғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған. Telegram-дағы арналардың бірінде аталған оқиға Алматы облысының Жамбыл ауданында болғаны айтылды.

 «Белгісіз ер адам төрт кішкентай баланы байлап, ұрып-соғып, азаптап, пышақтаған. Полицейлер күдіктіні анықтап, оны ұстау шараларын жүргізіп жатыр», - делінген жазбада.