Жаңалықтар

Абай облысында жүзден астам көлік қар құрсауында қалды

ТЖМ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Абай облысы Көкпекті ауданындағы жолдарда көлік қозғалысының шектелуіне байланысты көлік кептелісі орын алды. Тас жолда 100 жеңіл көлік, 15 жүк көлігі және 1 автобус тұр.

Ведомстводан көлік кептелісі болған жерге облыстық төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен құралдары жіберілгенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта бұл көліктер автоколоннада, қар жауып, көрінбейтіндіктен олар қозғалысын жалғастыра алмайды. Құтқарушылар Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет емес", - деді ТЖМ.