Жаңалықтар

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның елшісі атанды

Бұдан бөлек тағы сегіз әлемдік жұлдыз елші атанды.

Әлемге әйгілі әнші әрі композитор Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі атанды.  

 

Елшілер көші-қон ісі ұсынатын мүмкіндіктерді және оның бүкіл әлем бойынша таланттарды таратуға қалай көмектесетініне қолдау көрсетеді деп күтілуде.

Елшілердің табандылық танытқаны атап өтілді.

ХБҰ – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым болып табылады. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. ХБҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылғанын еске түсіре кетейік.