Жаңалықтар

16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

qazaly.kz

16 ақпанда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Қарағанды облысыныңшығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысындаоңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысыныңоңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыдатаңертең және күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысыныңжел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысыныңбатысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысыныңшығысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ақтөбе облысыныңорталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталыгында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысыныңорталығында, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Жамбыл облысыныңоңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 16 ақпанда облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. 

Қызылорда облысындажел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақытта көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с. қ.

Шымкентте күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с. қ.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.