Мақпал Исабекова қуанышты жаңалығын бөлісті
Өнер иесі екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтты.
Әнші Мақпал Исабекова осыдан үш жыл бұрын ұрмысқа шығуға келісім берген болатын. Ал кеше өнер иесі екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтып, тыңдармандарына қуанышын бөлісті.
Әнші Instagram-дағы парақшасында видео жариялаған.
«14 ақпан күні маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. 2022 жылы 14 ақпанда мен ұлыма аяғым ауыр екенін хабарладым. Ал 2023 жылы 14 ақпанда мен Теодорды таныстырдым. Дәстүрді өзгертпедік. Осылай. Пікір жазып, қуанышымды бөлісе аласыздар», - деп жазды әнші.