Алматыда автобус өртенді
Қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.
Алматыда Алтынсарин даңғылында №95 бағыттағы автобус өртенді, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай бүгін, 15 ақпан түскі сағат 12: 38 шамасында болған.
Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.
«Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына келгенге дейін № 95 бағыттағы автобустың жүргізушісі Құрманғазы Мақашев ұнтақты өрт сөндіргіштерді қолданып, отқа оранған ауа өткізгіш құрылғысын сөндірген. Салонда жолаушылар болмаған. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабаралады департаменттен.