Ерке Есмахан анасын туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба арнады
Желі қолданушылары да әншінің анасын құттықтады.
Әнші Ерке Есмахан анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жаны мақпалдай жұмсақ анашым! Келіп жеткен туған күніңіз құтты болсын. Мама, ұзақ жасаңыз, ауырмаңыз. Немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің алдында аман-сау, күліп-ойнап жүріңіз.
Менің еркелеп, ән салып жүргенім алдымен Алланың, екінші осы жан анашымның дұғасы, сосын сіздердің сүйіспеншіліктеріңіздің арқасы.
Аналарымыз аман болсын! – деп жазды Есмахан.
Желі қолданушылары да әншінің анасын туған күнімен құттықтап, ақ тілегін арнады.
«Анаңыз жүз жасасын», «Құттықтаймыз», «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды деген рас-ау», - деп жазды желідегілер.