Бүгін Астананың мектеп оқушылары қашықтан оқиды

15 ақпан, 2024 / Анель Жарылғасын
pixabay.com
0-9 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшірілді.

Қалалық білім басқармасы екінші ауысымда оқитын оқушыларға қатысты ақпарат таратты.

2024 жылғы 15 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.

 

Тэгтер:

Астана онлайн қашықтан оқу 0-9 сынып мектеп оқушылары 15 ақпан