Спорт

Қостанайда ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды

Ел біріншілігіне 18 өңірден келген 242 спортшы бақ сынайды.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, аталған біріншілік 21 ақпанда мәресіне жетеді.

Биыл ел біріншілігіне 18 өңірден келген 242 спортшы (151 ер, 91 әйел) жекелей және командалық сында бақ сынайды.

Тек Атырау мен Маңғыстау облысы ғана осы жылы команда жібермеді.

Ерлер 55, 61, 67, 73, 81, 89, 96, 102, 109 келіге дейін және 109 келіден жоғары салмақтарда, ал әйелдер 45, 49, 55, 59, 64, 71, 76, 81, 87 және 87 келіден жоғары салмақта кіл мықтыларды анықтайды.