Жаңалықтар

СҚО-да дәрігерлер инсульт алған науқасты шанамен тасымалдаған (ВИДЕО)

pkzsk.info

Дәрігерлер қар омбылап 400 метрдей жаяу жүруге мәжбүр болған.

Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында жолды қалың қар басып қалған. Шақыртуға келген жедел жәрдем дәрігерлері науқасқа қар омбылап әрең жеткен, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Медициналық ұйымның мәліметінше, таңғы сағат 7:20-да 56 жастағы ер адамнан қоңырау түскен. Ол сол жақ аяқ-қолдарының ұюып, бас айналатынын айтып шағымданған. Бір күн бұрын қалың қар жауып, салдарынан жедел жәрдем науқастың үйіне дейін жете алмаған. Сондықтан дәрігерлер көлікті тастап, қар омбылап 400 метрдей жаяу жүруге мәжбүр болды.

Көрсетілген мекен жайға жеткен бойда науқастың инсульт алғаны анықталды. Олар амалсыздан науқасты көлікке дейін  шанамен тасымалдаған. Үй мен жедел жәрдем көлігінің арақашықтығы шамамен 400 метр.

Тексеруден кейін науқаста инсульт белгілері анықталды. Оған тиісті медицмналық көмек көрсетілді. Алайда науқасты үйінен жедел жәрдемге дейін жеткізу қиынға соқты. Фельдшер Айдар Омаров пен Әмір Широжеев науқасты көлікке дейін шанамен тасымалдады. Жүргізуші Акомбаев Русланның көмегімен науқас шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, – деп мәлімдеді облыстық жедел медициналық жәрдем орталығы.