Жаңалықтар

Мектептерде лаңкестік жасалады деген жалған ақпаратқа шетелдіктердің қатысы бар

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Полиция ведомствосында терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.

Терроризм актісіне дайындық туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5 мың АЕК мөлшерінде, яғни 18 млн теңгеден астам айыппұл не болмаса 5 жылға бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылады.

Дүрбелеңге жол бермеу үшін полиция халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл ретте оқушыларға ерекше көңіл бөлінеді.