Еліміздің 14 облысында 36 жол учаскесі жабылды
Бұл туралы ҚазАвтожолдың баспасөз қызметі мәлімдеді.
15 ақпан сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 14 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Абай облысында — 7 учаске (796 км) Ақтөбе облысында — 5 учаске (696 км) Алматы облсында — 1 учаске (84 км) Атырау облысында — 1 учаске (9 км) Шығыс Қазақстан облысында — 7 учаске (511 км) Жамбыл облысында — 1 учаске (450 км) Жетісу облысында — 1 учаске (100 км) Қарағанды облысында — 1 учаске (48 км) Қостанай облысында — 1 учаске (83 км) Қызлорда облысында — 1 учаске (815 км) Павлодар облысында — 1 учаске (263 км) Солтүстік Қазақстан облысында — 3 учаске (316 км) Түркістан облысында — 2 учаске (283 км) Ұлытау облысында — 2 учаске (438 км)
«Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 224 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған», — деп жазды ҚазАвтоЖолдан.